Жерлесіміз Тілеубек Шаяхмет «KÖZTARTAR» фотобайқауының жеңімпазы атанды
Шығыс Қазақстан облысының тумасы Тілеубек Шаяхмет National Geographic Qazaqstan мен HONOR компаниясының бірлескен «KÖZTARTAR» фотобайқауында жеңіске жетті. Байқау қатысушылары табиғаттың әсем көріністерін түсіріп, #koztartar хэштегімен Instagram желісіне жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тілеубек Шаяхмет байқауда Шығыс Қазақстанның қайталанбас табиғатын шебер бейнелеген туындыларымен көпшіліктің назарын аударды. Оның ерекше жұмыстарының бірі – Өскемен қаласындағы орталық алаңда орналасқан хәкім Абайдың ескерткішімен байланысты. Бұл сурет 2018 жылғы 28 маусымда ай тұтылған түнде түсірілген. Кескіннің ғажайыптығы сол, ескерткіште ұлы Абай алақанын аспанға жайып, тұтылған айды ұстап тұрғандай көрінеді. Тілеубектің бұл туындысы табиғат пен рухани мұраның біртұтастығын бейнелеп, мәңгі есте қаларлық суретке айналған.
National Geographic Qazaqstan ұйымдастырған арнайы көрмелерде бұл туындыны көруге болады.
Бұдан бөлек, Тілеубек Шаяхмет кітап жәрмеңкелерінде жеке көрме ұйымдастырады.