KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Биыл ШҚО-да 21,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жері берілді

10.10.2024, 16:23 108 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының жер аумағы 9785,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі ­3473,5 мың гектар. Бұл туралы ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис ШҚО Өңірлік коммуникациялар өткізген брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекше жағдайлардан басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері екі тәсілмен беріледі: конкурстық негізде және сауда-саттықсыз.

­- Ағымдағы жылы конкурстық негізде жалпы ауданы 21,4 мың гектар болатын 143 жер участогы бөлінді. Конкурс заңнамаға сәйкес өткізіледі, ал жеңімпаздарды жер комиссиясы өтінімдерге берілетін балдар негізінде анықтайды, - деді Надежда Михейлис.

Сауда-саттықсыз инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін немесе бау-бақша және шөп шабу сияқты халықтың қажеттіліктері үшін жер бөлінуі мүмкін. Көгалдандыруға арналған жерлер бір жылға дейінгі мерзімде  өтеусіз негізде беріледі.

Осы жылдың маңызды жаңалықтарының бірі жер иелену құқығын қажет етпейтін жергілікті тұрғындардың мал жайуына рұқсат етілген, қоғамдық жайылымдардың пайда болуы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу