KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
491.7 531.28 5.07

9 ауылдың аумағына жайылымдық жер қосылды – ШҚО

Фото: egemen.kz

7.02.2024, 17:00 142

ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жер қорында 2,5 миллион гектардан астам жайылымдық жер бар.

Жайылымдық жердің тарлығы, шөбі шүйгін жерлерді бұрыннан қалталылардың басып қалғаны төрт түлікпен күн көріп отырған ауыл халқының талай жылдан бергі өзекті мәселесі болып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Былтыр аймақта мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға  78,6 мың гектар жайылымдық жер жетпеген. Оның ішінде Зайсан ауданында – 8,9 мың гектар, Самар ауданында – 21 мың гектар, Тарбағатай ауданында – 10,2 мың гектар, Ұлан ауданында – 38,5 мың гектар.

Өткен жылы облыста мемлекет меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы  125,7 мың гектар жер қайтарылып, оның 3,8 мың гектары айналымға енгізілген.

Жетпей жатқан жайылымдық жер мәселесін шешу үшін былтыр 46,4 мың гектар жайылымдық алқабы әрі қарай тұрғындарға бөліп беру мақсатында мемлекет меншігіне қайтарылып алынған. Ауылдардың айналасындағы мал жайылатын өрісті кеңейту үшін  9 елді мекеннің аумағына 15,2 мың. гектар жайылымдық жер қосылған. Орман қорына жататын 15,7 мың. гектар жерде мал жайылымы ұйымдастырылған. Сонымен қоса, өнімділігі төмен егістік жердің  1,2 мың. гектары мал жайылу үшін жайылымға ауыстырылған екен.

- Осы атқарылған шаралардың қорытындысында биыл облыста ауыл тұрғындарының жайылымдық жерге деген қажеттілігі шешімін тапты, - дейді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.


 

Жанаргүл Мұқатай

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив