Биыл мемлекетке 160 мың гектар жер қайтарылады – ШҚО
ШҚО-да ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары 2022 жылы басталған, сол жылы жер пайдаланушылар 100,6 мың гектарды ерікті түрде қайтарса, 2023 жылы тағы 125,7 мың гектар қайтарылды, ал 2024 жылы 160 мың гектарды қайтару жоспарлануда.
Бұл туралы ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қайтарудың орташа көрсеткіштері Шемонаиха (2,5 мың га), Глубокое (2,5 мың га), Зайсан (9,2 мың га), Катонқарағай (7,6 мың га), Тарбағатай (7,6 мың га), Самар (7,2 мың га) аудандарына және Риддер қаласына (184 га) тиесілі. Ең төмен көрсеткіш – Ұлан ауданында (1,9 мың га).
Жер кодексіне сәйкес, жер иелері учаскелерді мақсатты түрде пайдалануға міндетті. Олай болмаған жағдайда, жер мәжбүрлі түрде қайтарылуы мүмкін. Жерді пайдалану талаптарын бұзғаны үшін иелеріне айыппұл салынып, салық мөлшерлемесі 20 есеге дейін артуы ықтимал.
Облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді ерікті түрде мемлекетке қайтарып жатқан заңды және жеке тұлғалар бар.
Бұл шаралар елдің ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалану мен пайдаланылмай жатқан жерлерді агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктеріне қайтаруға бағытталған.
Фото: Нелли Петенева