KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО мәслихаты: “328 проблеманы қарастырып, оларды шешу үшін 267 депутаттық сауал жолданды”

11.10.2024, 12:10 1 406 Нұржан Кенжеұлы

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында төраға Денис Рыпаковтың есебі тыңдалды. Онда өз проблемаларын жеткізген азаматтардың мәселелерін шешу үшін депутаттар түрлі органдарға 267 депутаттық сауал жолдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Баяндамашы есепті кезеңде  облыстық мәслихатының  облыс әкімі аппаратымен, басқармалармен, департаменттермен, қалалық, аудандық әкімдіктермен және мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, облыс халқымен тығыз өзара іс-қимыл жасағанын атап өтті.

– Облыстық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есепті кезеңде 66 шешім қабылданды, оның ішінде нормативтік құқықтық сипаттағы 25 шешім әділет органдарында тіркелді. Жыл басында облыстық мәслихаттың ресми интернет -ресурсында облыстық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылды. Үстіміздегі жылдың басынан бері депутаттар сайлаушылармен 207 кездесу және жиналыс өткізді, олардың жеке қабылдауында 381 адам болды, – деп атап өтті Д.Рыпаков.

Белгілі болғандай, сайлаушылар 328-ден астам проблемалық мәселені жеткізген. Мәселелер халықтың тыныс-тіршілігінің барлық аспектілеріне қатысты болған, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу, елді мекендерде балалар мен спорт алаңдарын салу, кентішілік жолдарды қалпына келтіру, интернет байланысын жолға қою сияқты мәселелерге қатысты сұрақтар болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу