Үлкен Нарын ауданының тұрғындары онкологиялық орталықта кешенді тексеруден өтті
instagram/onkocenter_vko
Онкологиялық орталықта Шығыс Қазақстанның шалғай ауылдарының тұрғындарын кешенді тексеру бағдарламасы жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы сенбіде Үлкен Нарын ауданының 20-дан астам тұрғыны чек-аптан өтіп, денсаулық жағдайын тексерді.
Бұған дейін Күршім, Катонқарағай және Марқакөл аудандарының тұрғындары осындай акцияларға қатысқан болатын. Іс-шаралар аймақтың шалғай аудандарындағы тұрғындардың қысқа мерзімде сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бір-екі сағаттың ішінде Үлкен Нарын тұрғындары жалпы қан анализін тапсырды, кеуде қуысының рентгенографиясынан, сүт бездері мен жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуінен, маммографиядан өтті, сондай-ақ гинеколог пен маммологтың кеңесін алды.