KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Үлкеннарындықтар Өскеменде толықтай тегін медициналық тексерістен өтеді

instagram/onkocenter_vko

Бүгін, 09:00 0 Назерке Каримова

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы шалғай ауыл тұрғындарын чекап-тексеруден өткізуді жалғастырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін Үлкен Нарын ауылының тұрғындары келеді.

Чекап зерттеулеріне гинекологтың, маммологтың тексеруі, жалпы қан анализі, маммография және өкпенің төмен дозалы КТ, көрсеткіштер бойынша - сүт бездері мен жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі кіреді. Ауыл тұрғындары барлық зерттеулер мен тексерулерден жылдам - 1-2 сағат ішінде өтеді.

Науқастарды қабылдау сағат 10.00-де басталады.

Орталық мекенжайы: Потанин к-сі, 6, 2-корпус (стационар), артқы жақтағы есіктен кіру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив