ШҚО әкімі: – Қос тарапқа да тиімді болар жоба көп
Ауыл шаруашылығы мен туризм салаларына инвестиция тарту, орта және шағын бизнесті қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың Словак Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Роберт Кирнаг, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесуі барысында осы және басқа да мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесуде облыс әкімі мәртебелі қонақтарға Шығыс Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы ақпарат беріп, әріптестікті нығайтуға болатын салаларды атады. Аймақ басшысының айтуынша, қазір агросектор мен туризм салаларына қатысты қос тарапқа да тиімді болатын жобалар жүзеге асыруға болады. Шығыс өңірінде бұған қажетті барлық алғышарт бар.
Сонымен қатар, кездесуде Шығыстың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері де сөз болды. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневтің сөзінше, қаржы ұйымының республикамыздағы инвестициялық жобаларының жалпы сомасы төрт миллиард теңгеден асады екен.
Ал Словакия елшісі Роберт Кирнаг бұл елдің жиһаз өндірушілері Қазақстанға келіп, өндіріс орнын ашу жағын қарастырып жатқанын мәлім етті.
Фото: Аяужан Утеулинова