KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО әкімі есеп берді

19.07.2023, 16:26 168 Оразай Жеңісұлы

Облыстық мәслихаттың кезекті IV сессиясында өңір басшысы Ермек Көшербаев өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берді.

Аймақ басшысының айтуынша, өңір экономикасы тұрақты даму траекториясын сақтап келеді. Сондай-ақ өзге салаларда да өсу бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңір басшылығы бұрынғыдай шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Мәселен, жыл басынан бері осы бағыт бойынша 327 жоба мақұлданып, 12 млрд теңгемен қаржыландырылған. Субсидиялауға, кепілдік беруге, грант бөлуге, шағын және орта бизнес нысандарының инфрақұрылымына тағы 8 млрд теңге жұмсалыпты.

Сондай-ақ облыс әкімі ауыл шаруашылығының әлеуетін пайдалану бойынша бірқатар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Жыл басында 9 инвестициялық жоба іске қосылған, жыл аяғына дейін соның алтауы аяқталады.

Шығыс өңірін түрлендіре түсетін саланың бірі туризм екені белгілі. Облыс әкімі Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігі абаттандырылатынын атап өтті. Ал археология саласындағы бірегей жаңалықтар туристердің қызығушылығын арттыруға пайдаланылады.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ниетті.

– Заманауи медициналық жабдықтар алу біздің жұмысымыздың басым бағыты болып қала береді. Сондай-ақ шетелдің жетекші клиникаларында кадрларды оқыту бағдарламасы жалғасып жатыр. Қазір 27 дәрігер Израиль, Латвия және Германиядағы клиникаларда біліктілік шыңдау үстінде.
Алдағы уақытта да, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жалпыұлттық міндеттерді орындап, облысты дамытуға арналған жоспарды жүзеге асыруға бар күш-жігерімді саламын, – деп түйіндеді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу