KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

ШҚО-дағы Ана мен бала орталығына айыппұл салынды

depositphotos.com

Кеше, 14:59 87 Ержан Әбіш

ШҚО-да медициналық қызметтердің монополиялық жоғары бағасы үшін "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК-ға айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК қатысты тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында ақылы медициналық қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және қолдауға байланысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталды.

Мәселен, "жұмыс уақытынан тыс босану үшін акушерді таңдау" қызметтерінің бағасы 2023 жылдың 9 айы кезеңінде 128%-ға, ал "жұмыс уақытынан тыс дәрігер босануды сүйемелдеу" қызметтерінің бағасы 118%-ға көтерілді.

2024 жылғы 30 мамырда осы факт бойынша Департамент "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Іс Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қарауына берілді.

2024 жылғы 12 шілдеде сот кәсіпорынға 1 763 950 теңге көлемінде айыппұл салу, сондай-ақ мемлекет кірісіне 3 014 826 теңге сомасында монополиялық табысты тәркілеу туралы қаулы шығарды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын 1 763 950 тенге әкімшілік айыппұлды және  3 014 826 тенге мөлшерінде монополиялық кіріс соммасын мемлекет пайдасына толық көлемде төледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив