KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
495.2 522.34 4.94

Нұсқаманы орындамаған: «Күршім» кәсіпорнына айыппұл салынды

Фото: depositphotos.com

3.09.2024, 11:21 220 Ержан Әбіш

Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамағаны үшін «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына айыппұл салынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 19 шілдеде департаменттің нұсқамасын орындамағаны үшін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» МКК-ын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Осы факт бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігінде көзделген қысқартылған іс жүргізу тәртібімен МКК басшысының кінәсін мойындауын ескере отырып, 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қазіргі уақытта МКК әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу