KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Монополияға қарсы органға ақпарат бермеген қызметкер айыппұл арқалады – ШҚО

шартты сурет: flectone.ru

26.04.2024, 16:06 208 Ләззат Қанатқызы

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 20 наурызда «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары белгіленген мерзімде монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жөнінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Аталған факті бойынша Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 162-бабы бойынша және Бөлім басшысы орынбасарының кінәсін мойындауын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жаза қолданылды, әкімшілік айыппұл сомасы 184 600 теңге.    

Қазіргі уақытта бөлім басшысының орынбасары әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.

       

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу