KZ
Өскемен
снег жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да картельдік келісім жасаған екі ұйым жауапқа тартылды

Фото: depositphotos.com

23.05.2024, 13:28 146 Оразай Жеңісұлы

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ЖШС «Outdoor.kz» және «Раммал» ЖК-ға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Тергеу бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына байланысты жүргізілген.

​"Жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша Департамент сауда-саттықтағы бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе қолдауға, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға бағытталған картельдік сөз байласуға қол жеткізу фактісін анықтады. Осыған байланысты, аталған факті бойынша 2024 жылғы 11 қаңтарда Департамент ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қарауына берілді" - делінген хабарламада. 

​МӘС қаулысымен ЖШС-ге мемлекет кірісіне 463 210 теңге мөлшерінде бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кіріс тәркіленіп, 478 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.​

​Қазіргі уақытта ЖШС әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді, монополиялық табыс мемлекет кірісіне өндірілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу