KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Ертең Өскеменде дәстүрлі садақ атудан сайыс өтеді

depositphotos.com

Бүгін, 14:40 0 Ержан Әбіш

Ертең, яғни 19 қазанда дәстүрлі садақ атудан Риддер қаласы әкімінің кубогі өтеді. Іс-шара «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Риддер қаласы әкімдігінің демеушілігімен ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарыс Oskemen Sadaq Atu дәстүрлі садақ ату федерациясы мен «Керемет» садақ ату орталығының қолдауымен өтетін болады.

Қатысу тегін, тек қатысушының жеке садақ оқтары болуы міндетті.

«Барша садақшы қауымды додалы жарысқа шақырамыз. Ұлттық спортқа бірге жанкүйер болайық!» - дейді ұйымдастырушылар.

Мекенжайы: Өскемен, Сәтпаев даңғылы, 82. Басталуы: сағат ️9-30-да.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив