Өскеменде алғаш рет садақ атудан республикалық чемпионат өтеді
instagram/sadaq_atu_oskemen
Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 3-7 шілде аралығында өтеді.
Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Чемпионаттың ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Sadaq Aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы, «Oskemen sadaq atu» дәстүрлі садақ ату федерациясы.
- Чемпионатқа Қазақстан өңірлерінен 300-ге жуық мерген өздерінің бақтарын сынайды деп күтілуде. Жалпы 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-17 жас аралығындағы қыздар және ұлдар қатысатын болады, - деп хабарлады дәстүрлі садақ ату федерациясы. - Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік), Қалқан нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және Жамбы нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік). Жас ерекшіліктеріне байланысты әр нысананың арақашықтары әртүрлі.
Атап айтсақ:
- 7-9 жас – 10 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
- 10-12 жас – 15 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
- 13-15 жас – 20 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
- 16-17 жас – 25 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
Чемпионаттың ашылу салтанаты: 4 шілде, сағат 11.00 (Гагарин бульвары, 15/1).
Оқи отырыңыз