KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 8 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Өскеменде садақ атудан қалалық турнир басталды

Фото: depositphotos.com

16.08.2024, 10:00 138 Ержан Әбіш

Бүгін Өскемендегі Ольга Рыпакова жеңіл атлетика манежінің сыртқы алаңында садақ атудан қалалық турнир басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қатысушыларға (ШҚО тұрғыны болуға тиіс) тіркелу міндетті. Әр қатысушыға жарыс алаңында тегін түскі ас әзірленеді.

Әр қатысушыда жеке садақ оқтары болуы қажет, садақ ату ережесін білгені абзал!

Осы жылғы турнирдің жүлде қоры былтырға қарағанда екі есе көп. Мәселен, ерлер мен әйелдер үшін де 1 орынға 200 000 тг, 2 орынға 150 000 тг, 3 орынға 100 000 тг қарастырылған.

– Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар, ұлттық киімде келіп, дәстүрімізді ұлықтайық, дамытайық, садақ атудың сұлулығын барлығана паш етейік! – деп хабарлайды ұйымдастырушылар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив