KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Үш миллион теңгеден астам негізсіз төлемдер жасалған  

depositphotos.com

Бүгін, 09:30 1 Айна Ескенқызы

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметіне сыртқы талдау саланың жүйелі сыбайлас жемқорлықты тудыруы мүмкін осал тұстарын анықтап берді.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарға бекітілген 52 жеке көмекшіге негізсіз төлемдер жасалған.

Мүгедектігі бар жандар сауықтыру-курорттық ем-дом алып жүргенде олардың жеке көмекшілеріне барлығы үш миллион теңгеден астам негізсіз төлемдер жасалғаны анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Заңнамаға сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандар сауықтыру ем-домын алып жатқан кезде оларға жеке жәрдемдесу қызметтерін көрсету уақытша тоқтатылады, сол себепті жеке көмекшілеріне төлемдер төленбейді. Осы талдаудың қорытындысы бойынша әлеуметтік қызметтер саласының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша ұсыныстар берілді, - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив