KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

Коммуналдық мекеме бюджет өтінімінде соманы 16,2 млн теңгеге негізсіз ұлғайтқан

Фото: Аяужан Утеулинова

27.09.2023, 17:25 121

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Департамент сотқа жөнелткен 51 қылмыстық іс аяқталып, аталған салада лауазымды 50 тұлға жауапқа тартылды. Ал қалған 1 іс заңға сәйкес сотта тоқтатылған.

Ал анықталған шығын көлемі 200 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Департамент басшысы Денис Шакенов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімеді.

Талдау барысында қаржыландыруға қатысты көптеген бұзушылық пен күрделі олқылықтар анықталған.

Оның ішінде бюджеттік өтінімде соманы негізсіз көтеру де бар. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бірінің 2023 жылға арналған өтінімінде «Қосымша білім беру педагогі» қызметі бойынша 7 бос орынға талапта 11 жылдан 29 жылға дейінгі еңбек өтілі негізсіз тағайындалған. Бюджет 16,2 млн теңгеге негізсіз ұлғайтылған.

 

             

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив