KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ҚР Премьер-министрі көпір ашылуында: “Қазақстанда ірі инженерлік нысандар салуға қабілетті компаниялар бар екеніне куә болдық”

21.10.2024, 17:00 256 Төлеуғазы Жансая

Тарихи салмағы мен гео-саяси өзегі ерекше, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда аса маңызды нысан Бұқтырма көпірінің ашылуына ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов арнайы келді. Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер жобаны іске асыру көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететініне тоқталды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жылдан астам жазда пароммен, қыста тікелей мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті», - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Paula 22 қазан 2024 20:55
0

Hi, I do think this is an excellent site. I stumbledupon it ;) I will come back yet again since i have bookmarked it. Money and freedom is the best way to change, may you be rich and continue to guide other people. โค168