ШҚО-да «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр
depositphotos.com
Облыс аумағында браконьерлік және биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау және олардың жолын кесу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Шара басталған небәрі екі күнде тәртіп сақшылары 35 заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын күшейтіп, балық пен жабайы жануарларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарларды заңсыз аулау мен дайындауға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше көңіл бөлуде. Бұдан басқа жолдағы патрульдік полиция қызметкерлері атыс қаруын, оқ-дәрілерді және суық қаруды сақтауға немесе алып жүруге рұқсаттардың болуы, сондай-ақ аңшылық, балық аулау, ағаш кесу және ағаш дайындау құқығын тексереді.