KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 400 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

ШҚО ПД ЖПҚБ

18.02.2024, 19:30 109 Назерке Каримова

Облыс аумағында ақпан айы бойы «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтуде.

Шара өңірде табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау және жолын кесу мақсатында жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Браконьерлердің  заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 3 млн теңгеден астам залал келтірілді. Облыс аумағында жануарлар әлеміне заңсыз қолсұғушылық тыйылар емес.  Аң аулау және балық аулау фактілері бойынша 180-нен астам құқықбұзушылық анықталып,  400 кг-нан астам балық тәркіленді.

Сондай-ақ, бірқатар қылмыстық істер қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

- Шығыс Қазақстан облысы ПД табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және бұзылған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауап қарастырылғанын  ескертеді, - деді Асет Кизатов ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу