Бұқтырмада балық аулау ережесін бұзғандар анықталды
ШҚО-да «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Шара аясында аң-құс пен жан-жануарларды заңсыз аулағандарға заң аясында шара қолданылып келеді.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Самар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бұқтырма су қоймасының жағалауында балық аулау ережесін бұзған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара барысында балық аулау ережелерін бұзу фактілері анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 383-бабы «Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Баптың санкциясы жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады, – деп хабарлады Самар аудандық полиция бөлімі.
Айта кетейік, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы осы айдың соңында аяқталады.
Оқи отырыңыз