Шығыс Қазақстан: 60 жыл күткен көпір ашылды
Мемлекет басшысының сайлауалды уәдесі мен арнайы тапсырмасы орындалды.
Шығыс Қазақстан облысында жарты ғасырдан астам уақыт күткен көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді. Республика күніне орай ашылған бұл көпір аймақтағы бірнеше ауданды байланыстырып, Орталық Азиядағы ең ұзын көпір атанды.
Көпір құрылысы барысында 500 кәсіби жұмысшы, оның ішінде 30 қазақстандық инженер мен ғалым жұмылдырылды. Ерекше атап өтетіні – жобаға бірде-бір шетелдік компания тартылмай, барлық жұмыстарды «ОблШығЖол» ЖШС-нің мамандары атқарды. Бұл тағы да өз күшімізбен осындай ірі жобаларды жүзеге асыра алатынымызды дәлелдейді. Жобадағы жинақталған тәжірибе өңірде қалып, болашақта басқа да инвестициялық жобаларда қолданылары сөзсіз.
Көпірдің ашылу рәсімінде облыс әкімі Ермек Көшербаев жергілікті тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, жаңа көпірдің өңір үшін маңыздылығына тоқталды:
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Ермек Беделбайұлы көпірдің құрылысына елеулі еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады. Абай облысы әкімінің кеңесшісі Азамат Қасым, «Күршім» паромының капитаны Алтай Бердікпаев, аға капитаны Серік Нүкетаев және басқарушы Қадылбек Жармұхамбетов алғыс хаттармен марапатталды.
Ажар Сағатбекова
Фото: Аяужан Утеулинова