KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да студенттер «Тәуелсіз елдің тұғыры» тақырыбында әдеби-тарихи диктант жазды

Бүгін, 16:40 0 Айжанат Бақытқызы

25 қазан күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы оқырмандар мен қала тұрғындары үшін «Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында кітапхана фойэсінде оқырмандар назарына «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры»: интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттер 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салалары: саясат, экономика, мәдениет, өнерде қандай өзгерістер болғанын нақты дәлелдермен мәлімдейді.

Мереке күні кітапхананың «Білім орталығында»  жас оқырмандар үшін «Менің Қазақстаным» атты әдеби квест өткізілді. Ойынға қатысқан үміткерлер өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.

Сонымен қатар колледж студенттері  «Тәуелсіз елдің тұғыры» тақырыбында әдеби-тарихи диктант жазды. Диктант мәтіні мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, туған елін сүюге тәрбиелеу тақырыптарын қамтыды. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, қаланың жаңа аллеясында қала тұрғындары үшін интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде облыс әкімінің қолдауымен «Абай әлемі» топтамасы аясында биылғы жылы жарық көрген жерлес қаламгерлердің шығармашылығы және Шығыс Қазақстан жазушыларының QR-көрмесі ұсынылды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив