KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Бүгін «Шығыстың аңыз-әпсаналары» жинағы жарық көреді

anyz.pushkinlibrary.kz

25.10.2024, 11:00 75 Назерке Каримова

25 қазан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы оқырмандар мен қала тұрғындары үшін «Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында кітапхана фойэсінде оқырмандар назарына арнайы «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры»: интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде ұсынылған әдебиеттер 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салалары: саясат, экономика, мәдениет, өнерде қандай өзгерістер болғанын нақты дәлелдермен мәлімдейді.

Бағдарлама аясында сағат 11.00-де кітапхананың мәжіліс залында «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтеді. Үш тілде жарық көрген жинаққа Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау атауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар; ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың «Алтай» аталу себебі,  Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырманды қызықтырары сөзсіз. Жаңа жинақ Шығыс Қазақстан атты  киелі де таңғажайып өлкемізбен жақын танысуға жетелейді. Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Слямова Зиза Мұхтарханқызы.

Осы күні сағат 10.00-де кітапхананың «Білім орталығында»  кітапханамыздағы жас оқырмандар үшін «Менің Қазақстаным» атты әдеби квест өткізіледі. Ойынға қатысқан үміткерлер өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салады.

Сонымен қатар, сағат 14.00-де қала тұрғындары «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты әдеби-тарихи диктант жазады. Диктант мәтіні мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, туған елін сүюге тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Жалпы диктант жазу адамның сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар марапатталады.

Мереке күні сағат 14.00-16.00 аралығында қаланың жаңа аллеясында қала тұрғындары үшін интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде облыс әкімінің қолдауымен «Абай әлемі» топтамасы аясында биылғы жылы жарық көрген жерлес қаламгерлердің шығармашылығы және Шығыс Қазақстан жазушыларының QR көрмесі ұсынылады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу