Өскеменде Республика күніне орай әдеби-тарихи диктант өтеді

Фото: atlant.mos.ru
25 қазан – Ұлттық мереке қарсаңында облыс орталығында «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты әдеби-тарихи диктант өтеді.
Әдебиет пен тарих әуесқойлары үшін ұйымдастырылған шара 24 қазан күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Мерекеге орай ұйымдастырылған диктант мәтініне Мұрат Әуезовтің 80 жасқа толуына орай «Ділім» кітабынан үзінді алынды. Мұрат Әуезов - XX ғасырдың 60-шы, 70-ші жылдарында қазақ жастарының санасын серпілтіп, тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш «Жас тұлпар» жастар ұйымының көшбасшыларының бірі, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат, - делінген хабарламада.
Диктант кітапхананың екі залында мемлекеттік және орыс тілдерінде қатар жүргізіледі. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар арнайы дипломмен марапатталмақ.
Шараға барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
#republicdaykz #kzdayrepublic