KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Өскеменде қос аудан өнерпаздарының гала-концерті өтті

11.10.2024, 18:30 38 Нұржан Кенжеұлы

Шығыс Қазақстанда «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында аудандар мен қалалардың мәдени күндерін өткізу дәстүрге айналған. Бүгін «Ертіс концерт» залында сондай мәдени күндер аясында ұйымдастырылған тағы бір үлкен концерттің куәсі болдық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бір атап өтерлігі, бұл жолы облыстық филармония сахнасында бір емес, екі бірдей ауданның әншілері мен бишілері, күйшілері өнер көрсетті. Үлкен Нарын мен Катонқарағай аудандары өнерпаздарының қатысуымен өткен аталмыш гала-концерт «Ертіс концерт» залын лық толтырған көрерменнің көңілінен шыққаны анық. Көпшілікпен бірге катонқарағайлық және үлкеннарындық өнерпаздардың концертін облыс әкімі Ермек Көшербаев та тамашалады.

Негізі, бұл – қос ауданның облыс орталығындағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылған шаралардың бір парасы ғана. Бұл туралы іс-шараның басы-қасында жүрген Үлкен Нарын аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Аяулым Ержанқызы мәлім етті.

– Бүгін-ертең «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында екі ауданның мәдени күндері өтеді. Алдымен гала-концерт жоспарланған. Гала-концертте өңірдің талантты ұл-қыздарынан бөлек, композитор, этномузыкант Еділ Құсайынов пен Х-Фактор жобасының жеңімпазы Мирас Ерболов өнер көрсететін болады. Ал ертеңгі бағдарламада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен аудан әкімдерінің жүлдесі сарапқа салынатын футболдан ашық турнир сияқты қызықты іс-шаралар бар, - деді орталық директоры.

Сонымен бірге бүгінгі шарада өскемендіктер назарына екі ауданнан әкелінген тарихи-мәдени жәдігерлер, қолөнер бұйымдары мен суреттердің көрмесі ұсынылды. Көрме мен концертті тамашалауға келген қонақтар катонқарағайлықтардан тарту ретінде жаңа қайнатылған құрттан дәм татты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив