Шығыс Қазақстанда сұйытылған мұнай газын 12 ұйым жеткізеді
Шығыс Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын 12 газбен қамтамасыз етуші ұйым жеткізуде, олардың алтауы автогаз құю станцияларында газ жеткізуді жүзеге асырады. Облыс аумағында 22 АГҚС жұмыс істейді, мұнда жанармай бағасы литріне 84-тен 89 теңгеге дейін өзгеріп тұрады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
2024 жылдың қараша айындағы мәліметтерге сәйкес, облысқа 2 940 тонна сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінім берілген, оның 635 тоннасы жеткізілді. 2024 жылдың 5 қарашасына қарай өңірде газ қоры 772,6 тоннаны құрайды, оның ішінде 313,1 тоннасы АГҚС-да сақтаулы, ал 138,2 тоннасы тасымалдану үстінде.
Қазіргі таңда жергілікті билік мәліметіне сүйенсек, барлық автогаз құю станциялары қажетті газ көлемімен толық қамтамасыз етілген.
Газ бағасының көтерілуіне немесе өзге де мәселелерге қатысты сұрақтар бойынша тұрғындар 8 (7172) 78-68-08 немесе 78-68-85 нөміріне хабарласа алады.