Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері облыстың көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері тексеріс жүргізді. Пойыз басшылығына вагондарда тазалық жұмыстарын мұқият жүргізу ұсынылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері облыстың көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп №351 "Өскемен–Алматы" пойызының жолаушылар вагондарының жай-күйіне, оның ішінде техникалық және санитарлық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті.
Мониторинг барысында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апаттық шығулардың, өрт сөндіргіштердің, дәрі қобдишаларының және басқа да құралдардың болуы мен жарамдылығын қоса алғанда, қауіпсіздік нормаларының сақталуына тексеру жүргізілді.
- Тексеру нәтижесінде қазіргі уақытта барлық қажетті техникалық нормалар сақталады деген қорытынды жасалды. Вагондар жақсы жағдайда және бұзушылықтар анықталған жоқ. Алайда вагондардың санитарлық жағдайы жолаушылардың санитарлық қауіпсіздігі мен жайлылығына теріс әсер етуі мүмкін, - делінген хабарламада. - Пойыз басшылығына вагондардың санитарлық жағдайын тиісті деңгейде ұстау үшін тазалау жұмыстарын мұқият жүргізу ұсынылады.
Ұсыныстың орындалуы санитарлық қадағалау ведомствосы қызметкерлерінің қатысуымен келесі мониторингте тексерілетін болады.