KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

ҚР Әділет министрлігі мектеп оқушылары арасында эссе байқауын жариялады

Бүгін, 11:00 29 Гульжан Мусина

10 желтоқсан – Халықаралық Адам құқықтары күніне орай ҚР Әділет министрлігі 8-11 сынып оқушылары арасында «Адам өз құқықтарын не үшін білу керек?» тақырыбындағы эссе байқауын өткізеді, деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне сілтеме жасап.

Эссе байқауы Қазақстан Республикасының барлық аумағында, конкурсқа қатысушыларды алдын ала іріктеусіз, бір турмен өткізіледі.

– Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын қалыптастыру, – делінген ресми ақпаратта.

Байқау 2024 жылғы 8 қарашадан 29 қарашаға дейін өткізіледі.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде 2024 жылғы 29 қарашаға дейін мына электронды мекенжай бойынша қабылданады: kanc@adilet.gov.kz.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Байқау қорытындысы 2024 жылғы 5 желтоқсанда www.gov.kz сайтында жарияланады.

Байқау туралы ереже қоса беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу