Вакцинация – халық денсаулығының кепілі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сарапшыларының бағалауы бойынша «Вакцинопрофилактика және таза су – қоғамдық денсаулыққа нақты әсер ететін жалғыз шара». Соңғы 150 жылда ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде өмір сүру ұзақтығы 30 жылға өсті, оның 25-і екпе егудің арқасында.
Қазақстанда иммундау денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Вакцинацияның арқасында дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, қызылша, В гепатиті, туберкулез, полиомиелит сынды көптеген инфекциялық аурулардың таралу деңгейі едәуір төмендеді. Соңғы 15 жылда профилактикалық екпелер күнтізбесі кеңейіп, жаңа ауруларға қарсы екпелер енгізілді. 2009 жылы екпе егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы екпе егу енгізілді.
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесімен қатар эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егу күнтізбесі де бар. Бұл егулер жеке аумақтарда немесе халық арасындағы белгілі бір топтарда жасалады, мысалы А гепатитіне, тұмауға, кене энцефалитіне, туляремияға, күйдіргіге, құтырмаға қарсы егу.
Елімізде 11 инфекцияға, яғни туберкулезге, дифтерияға, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, қызамыққа, сіреспеге, көкжөтелге, В гепатитіне, гемофильді жұқпаға және пневмококк жұқпасына қарсы егу міндетті.
Жұқпалы аурушаңдыққа шалдыққан адам осы инфекцияны қайта жұқтыруды қабылдамайтын иммунитетке ие болады. Бірақ науқас адамнан жұқтырған жағдайда пайда болған инфекциялардың көпшілігінің ағымы ауыр және олар асқынуларға дейін жеткізуі мүмкін. Ауырған адам инфекцияның көзі және таратушысы бола алады, медицинада мұндай адамдарды екпе алғаннан кейін байқалмайтын бактерия тасымалдаушылар деп атайды.
Екпе алдымен қауіпсіздік және тиімділік жағынан зертханалық және клиникалық бақылаудан өтеді. Сонымен қатар өндіруші шығарған екпенің әр партиясын тексеріледі. Екпе қолданатын елде тіркелген кезде мұқият тексеруден өткізіледі.
Екпені жүргізудегі шамалы сәтсіздіктер орын алған жағдайда инфекцияны тез қабылдайтын адамдардың жиналуына және үлкен өршулерге әкелуі мүмкін.
Екпе егудің көмегімен көптеген жұқпалы аурушаңдықтардың салдарынан болатын аурулар мен өлім-жітім санын едәуір азайтуға болады, ал кейбіреулері толығымен жойылады (табиғи шешек, полиомиелит).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 1,5 миллиардтан астам адам немесе жалпы халықтың шамамен 1/3 бөлігі иммундау рәсімінен өтеді. Қазақстанда жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн адам, оның ішінде 1,3 млн бала егіледі. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты аурушаңдықтың алдын алу, ал сырттан әкелінген жағдайда – жұқпалы ауруларды оқшаулауға және жоюға бағытталған.
Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес халыққа екпе егу тегін жүргізіледі.
Қазақстанда халықты вакцинациялау мәселелері бойынша egu.kz ресми сайты іске қосылған болатын, біздің елде қолданылатын кез келген вакцинаның егжей-тегжейлі сипаттамасына қол жеткізуге болады. Сонымен қатар 7701 вакцинация бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.
Біздің балаларымыздың саулығы – инфекциялар қаупінің болмауы. Оған тек профилактикалық егулерді кеңінен жүргізудің арқасында қол жеткізілді.
Қанат Тұрдиев,
облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы