KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да интернет алаяқтық жасады деген күдікпен екі адам ұсталды

Фото: polisia.kz

21.11.2024, 18:30 83 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың жеке деректері мен ақшасын ұрлау мақсатында онлайн схемаларды пайдаланған деген күдікпен екі тұрғын ұсталды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ШҚО полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басын анықтады.  Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адамдар жалға алынған пәтерде отырып, түрлі алаяқтық схемаларды қолданып, азаматтарды алдаған.

Күдіктілердің үйлерінде тінту жүргізіліп, қылмыстық әрекеттеріне қатысты айғақ заттар тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, 28 және 29 жастағы ер адамдар онлайн платформалар арқылы азаматтардың жеке деректерін алып, сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген.

Олардың әрекеті салдарынан келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеге жуық деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Полицейлер күдіктілердің басқа алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын анықтауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу