KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
516.91 586.33 6.3

Өскеменде құтқарушылар жатақханада «өрт сөндіру» оқу-жаттығуын өткізді

27.11.2024, 15:00 102 Гульжан Мусина

ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің мамандары, жатақхана әкімшілігі және «Studentter Uii» жатақханасының тұрғындары өрт болған жағдайда әрекет ету тәртібін тәжірибе жүзінде пысықтады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығу бойынша, ғимаратта қысқа тұйықталу орын алған. Соның салдарынан жатақхананың екінші қабатындағы бөлмеде жиһаз бен жеке заттар отқа оранды. Қалың түтін дәліздерге тез таралып, тұрғындарға қауіп төндірді.

Әкімшілік дереу 112 қызметіне хабарласты. Бірқатар студенттер қауіпті аймақтан өз бетінше шығып үлгерді, ал қалғандарын құтқарушылар арнайы құтқару капюшондарының көмегімен далаға алып шықты.

Сондай-ақ, жатақхана ішінде бір адамның қалып қойғаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің өрт сөндірушілері оны қатты түтін басқан бөлмеден тауып, сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін Қауіп-қатер медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.

Өрт сөндірушілер өрт гидранттарына автоцистерналарды қосып, отты сөндіруге кірісті. Жарты сағаттың ішінде өрт толықтай жойылды.  

Оқу-жаттығу барысында ТЖД қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізді. 

Дереккөз бен фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу