KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Өрт сөндірушілер Өскемендегі балалар паркінде жаттығу өткізді

25.04.2024, 11:36 43 Ержан Әбіш

Өрт сөндірушілер Өскемендегі балаларға арналған ойын-сауық парктерінің бірінде оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығу жоспары бойынша ойын алаңы өртеніп, қою түтін шыға бастады. Нысан әкімшілігі келушілер мен олардың балаларын дереу эвакуациялауға кірісті. Алайда ғимаратта үш адам қалып қалды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер түтін торлаған бөлмедегі адамдарды тауып, сыртқа алып шықты.

– Жаттығулардың осы ғимаратта өтуі кездейсоқ емес, мұнда келетін адамдардың саны кейде 600-ге таяйды. Адамдарды тез құтқару және өртті дереу сөндіру үшін нысан әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істеу маңызды болды, – деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Айдос Нүсіпбаев.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив