KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Өскемендегі университетте өрттің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өтті

Фото: gov.kz

8.11.2023, 09:26 171

Өскемендегі КАСУ-да өрт сөндірушілер студенттерді эвакуациялады. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша, аталған университет ғимаратының 8-қабатындағы аудиторияда өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін 400-ге жуық адам ғимараттан шығып үлгерген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал ғимараттан шыға алмай қалған екі адамға өрт сөндірушілер көмектескен. Олар ғимарат ішінде қалып қойған адамдарға арнайы маска тағып, сыртқа шығарып, оларды «Апат жағдайындағы медициналық көмек орталығының» мамандарына тапсырған.

— Бүгін теория тәжірибе жүзінде пысықталды. Төтенше жағдай кезінде  қалай сауатты әрекет ету керектігін меңгеруі үшін студенттерді қатыстырдық. Мұндай білім өз тиімділігін көрсетті. Аталған оқу-жаттығулар ТЖ қызметімен ынтымақтастық шеңберінде жоғары оқу орындарында тұрақты түрде өтеді, -деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.

Оқу-жаттығуларға 6 техника мен жеке құрамның 20 қызметкері жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив