12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды
Фото: pexels.com
Балалар омбудсменi Динара Зəкиева 12 жасқа дейiнгi балаларды үлкендердiң қарауынсыз қалдыруға заңды түрде тыйым салу туралы бастама көтердi, - деп хабарлайды Altainews.kz тiлшiсi inform.kz порталына сiлтеме жасап.
Бұл мəселенiң негiзi ретiнде Зəкиева Ақмола облысында болған қайғылы оқиғаны мысалға келтiрдi. Аталған жағдайда өрт салдарынан екi бала қаза тапқан. Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалардың өлiмiмен байланысты 15 өрт оқиғасы тiркелгенiн атап өттi. Осы оқиғалардың көбiндегi балалар үйде жалғыз болған.
Зəкиеваның айтуынша, мұндай заңнамалық өзгерiстердi енгiзу тек құқықтық тыйым салумен ғана шектелмей, отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруды талап етедi. Бұл, өз кезегiнде, аз камтылған жене көмекке муқтаж отбасыларды қорғауға жанашырлық танытуды мақсат етеді.