KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Вейпке тыйым салатын заң 20 маусымда күшіне енеді

Фото: mk-kz.kz

14.06.2024, 11:03 115 Айжанат Бақытқызы

Биылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 19 сәуірде қол қойған вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер күшіне енеді. Осы орайда профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, вейп-дүкен сатушыларына алдағы тыйым туралы ескертілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазақстанның Балалар қоры» ҚҚ деректері бойынша, 2023 жылы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген профилактикалық рейдтер барысында 21 жасқа толмағандарға вейп сатудың 14 фактісі тіркелген. Ал биылғы сәуір және мамыр айларында 14 факт анықталды, бұл заңбұзушылықтардың көбейгенін білдіреді.

Жобаның географиясы да кеңейген – 2024 жылы Қазақстанның төрт қаласында – Алматы, Шымкент, Өскемен және Қарағанды қалаларында 137 вейп-дүкен бойынша 24 рейд өтті.

«Біз вейп-дүкен сатушылары тыйым салынғанға дейін тауарлардың барлық қорын сатуға, тіпті 21 жасқа дейінгі адамдарға қатысты қолданыстағы заң нормаларын бұзуға тапсырма алуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Біздің рейдтердің мақсаты – жазалау емес, вейп-дүкендердің иелері мен тікелей кассада тұрғандарға заңды сақтау қажеттігін еске салу», – дейді «Қазақстанның Балалар қоры» ҚҚ басшысы Эльвира Ватлина.

Айта кетсек, қолданыстағы заңнамалық шектеулерге сәйкес, құрамында никотині бар өнімдерді және темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу