Шығысқазақстандық мүгедек суретшінің таңғажайып туындылары
Пирография – бұл суреттерді ағаш бетінде отты пайдаланып өртеу арқылы салу техникасына негізделген ерекше өнер түрі. Еңбекті көп талап ететін бұл өнерді ШҚО-ның Солнечный ауылындағы қарттар мен мүгедектер пансионатында тұратын екінші топтағы мүгедек Олег Некрасов меңгерген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жақында Олег Некрасовтың туындылары түрлі түстермен безендіріле бастады. Оның шығармашылығын бағалайтын тұрақты жанкүйерлерінің ұсынысы бойынша суретші қара-ақ туындыларына бояу қосып, картиналарына жаңа өмір сыйлаған.
Суретшінің өзінің Instagram парақшасы бар, онда ол жұмыстарын жариялап отырады. Бірегей картина сатып алғысы келетіндер суретшіге хабарласып, өздеріне қажетті суретті жіберіп, тапсырыс бере алады.
Олег Некрасов шеберлігін басқа біреуге үйретуді армандайтынын мойындайды. Ол пирография бойынша сабақтар ұйымдастыруға дайын екенін айтқанымен, үйренуге ниет білдірушілер әзірге жоқ.
Инсульттан кейін суретшінің оң қолы жұмыс істемейтін болғанына қарамастан, бұл қиындық оның өнерге деген құштарлығына бөгет бола алмады. Олег Некрасов өзінің шеберлігін дамытып, жетілдіруді жалғастыруда.
Роксана Глыбова
Фото: Аяужан Утеулинова