KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Үшбұлақ, Жолнұсқау, Қаратоғай, Егіндібұлақ ауылдары интернетке қосылады

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
3.12.2024, 13:30 365 Төлеуғазы Жансая

Күршім ауданында 14 353 тұрғыны бар 21 ауылдық елді мекен орналасқан. Бүгінгі таңда ауданның жалпы халқының 78,9%-ын (11 335 адам) қамтитын елді мекендер кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ауданның 13 елді мекені немесе жалпы халық санының 21,1%-ы әлі интернетке қосылмаған. Бұл ауылдарды 2027 жылдың соңына дейін интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

– Биыл тұрғындарының саны 100-ден 250 адамға дейінгі төрт елді мекенде – Үшбұлақ, Жолнұсқау, Қаратоғай және Егіндібұлақ ауылдарында – жалпы сомасы 632,8 млн теңгеге антенналық-діңгекті құрылғылар орнату жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, қысқы жағдайда таулы жердегі Үшбұлақ ауылында құрылғыларды орнату қиындықтар туғызып отыр. Сондықтан кейбір ауылдардағы құрылғыларды орнату жұмыстары келесі жылы жалғасады. 2024 жылы аталған төрт ауыл интернетке толық қосылады, – деді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен брифингте.

Сондай-ақ, биыл Қайыңды ауылына «КарТел» ЖШС-нің антенналық-діңгекті құрылғысы орнатылса, Қойтас ауылында «Шығыстелеком» ЖШС мұнара орнатты.

Бұған қоса, Күршім ауданының 17 жалпы білім беретін мектебіне жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін Starlink жиынтықтары орнатылған.

Жанаргүл Көкенайқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу