АИТВ-ға қарсы вакцина соңғы сынақ кезеңінен өтті
Фото: pexels.com
АҚШ-тың Gilead Sciences, Inc. компаниясы АИТВ (СПИД) қарсы вакцина жасағанын мәлімдеді. Препараттың бір жылдық дозасының құны 40 мың доллардан асады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Жылына екі рет жасалатын инъекциялар АИТВ-ның алдын алуда 96 пайыз тиімділігін көрсетті.
– Gilead қаржылай қолдауымен бірнеше орталықта, соның ішінде Эмори мен Грейдиде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері «Ленакапавирді» жылына екі рет қабылдау жаңа АИТВ жұқтыру қаупін 96 пайызға төмендететінін көрсетті, – делінген Эмори университетінің хабарламасында.
III фазаның рандомизацияланған, қос соқыр клиникалық зерттеулерінде екі препараттың тиімділігі салыстырылған. «Ленакапавир» тобындағы қатысушылардың 99 пайызы АИТВ жұқтырмаған. Зерттеу барысында 2179 адамнан тұратын «Ленакапавир» тобындағы тек екі адам ғана АИТВ жұқтырған.
Оқи отырыңыз