KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да агроөнімдерді экспорттау бағытында көпсалалы зертхана ашылмақ

9.12.2024, 13:00 42 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп секторының экспорттық әлеуетін арттыруға маңызды рөл атқаратын көпсалалы зертхана ашылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған кеңейтілген брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық «Республикалық ветеринарлық зертхана» филиалы базасында зертхана құру АӨК өнімдерін экспорттауға байланысты бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі. Жаңа зертхана өнімді сертификаттау рәсімдерін жеңілдетіп қана қоймай, экспортқа шығарылатын тауарлардың сапасын тексеруге арналған дәл және көпфакторлы зерттеулер жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етпек.
Бұл мекеме халықаралық стандарттарға сәйкес аккредитация жүйесіне тіркеледі, бұл экспорттық-импорттық операциялар үшін рұқсат құжаттарын беруге мүмкіндік береді. ШҚО өнімдері экспортталатын негізгі ел – Қытай болып қала бермек.
Зертхананы ашумен қатар, Ермек Көшербаев облыс орталығында өсімдік майын экстракциялау зауытының құрылысы аяқталғанын атап өтті.

– Өскеменде жылына 50 мың тонна шикізатты өңдеуге қауқарлы май экстракциялау зауытының құрылысы аяқталуда. Жобаның жалпы құны 17,3 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 2,5 миллиард теңге бюджеттен бөлінді, ал 14,8 миллиард теңге – тартылған инвестициялар. Осылайша, әрбір мемлекеттік теңгеге 7 теңге инвестордың қаражаты тиесілі, – деді ШҚО әкімі.

Зауытты іске қосу облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін айтарлықтай арттырады деп күтілуде. Егер қазіргі уақытта жылына 595 мың тонна өнім өңделсе, зауыт ашылғаннан кейін бұл көрсеткіш 700 мың тоннаға дейін өседі. Сондай-ақ, өсімдік майын экспорттау көлемі 1,5 есеге артады.
Ермек Көшербаевтың айтуынша, осы жобаларды іске асыру тек ағымдағы жылдың жетістігі ғана емес, АӨК-нің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін маңызды фактор болмақ.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу