Экологиялық салмақты қадам: ШҚО-да жер үйлерді жаппай орталық жылуға қосу қолға алынбақ (Видео)
ШҚО орталығы Өскемен қаласында 28 мыңнан астам жер үй бар. Олардың барлығы дерлік сапалы көмір пайдаланбауы ықтимал. Ал сапасыз көмір атмосфераға зиянды шығарындылар бөлетіні белгілі. Осы орайда алдағы уақытта облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталық жылуға қосу қолға алынбақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл тұрғыда алдағы уақытта Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында қолға алынатын жаңа жылу электр орталығы құрылысы оң шешім болмақ дейді мамандар. Қазіргі жылу электр орталықтарының 60-70 жылғы тарихы бар және олар кезінде қала өсімін ескерместен, тұрғылықты ауданда орналасқан. Ал жаңа ЖЭО қаладан тыс жерде, жел бағыты қолайлы алқапта салынбақ. Жаңа ЖЭО салуда барлық деректер, талаптар ескерілсе, ол өңірдегі экологиялық жағдайдың сәл де болсын жақсаруына әсер етеді деп күтілуде.