KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

“Бұл қала мен үшін бөтен емес” - Өскемен қаласының жаңа әкімі Алмат Ақышов (Видео)

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Кеше, 16:12 87 Төлеуғазы Жансая

 

Қоғам және БАҚ өкілдері жиналған жиында бұрынғы әкімнің қайда кеткені және жаңа әкімнің кім болатыны жарияланды. ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Алмат Талғатұлы Ақышов Өскемен қаласының әкімі лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

14 жылдық еңбек тәжірибесінің 12 жылын мемлекеттік қызметке арнаған Алмат Ақышов өзінің Өскемен қаласында туып-өскенін атап өтті.
– Осылай толқымағалы көп болыпты. Бұл қала мен үшін бөтен емес. Бала кезден осы жерде өстік. Қаланы білемін, жақсы көремін. Алда тұрған мақсат-мүдделер де айқын. Сенімдеріңізге рақмет! – деді ол.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев қаланың өзекті мәселелерін атап өтіп, жаңа әкімге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Олардың қатарында экономика, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерін шешу, қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту сияқты маңызды бағыттар бар.

Сонымен қатар, экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға алып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қаладағы үлескерлер мәселесін осыған дейін тек құқық қорғау органдары мен облыстық әкімдік қана қарастырған еді. Әлі де баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азаматтардың мәселесін шешу үшін жаңа әкімнен нақты ұсыныстар күтілуде.

– Облыста аяқталмаған тұрғын үйлерге қатысты проблемалы нысандар бар. Әрине, адамдарды “өзі кінәлі” деп кінәлай салуға болады. Бірақ олар – біздің тұрғындарымыз, жергілікті халық. Мұндай жағдайға оларды қалдыра алмаймыз. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін механизмдерді қарастыруды тапсырамын, – деді аймақ басшысы.

Туристік әлеуетті арттырып, облыс орталығының келбетін жақсарту мақсатында бизнес нысандардың бірыңғай дизайн-кодын енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу қажеттігі де айтылды. Сондай-ақ, облыс әкімі қаланың маңызды әрі серпінді жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартып, осы және басқа да тапсырмалар бойынша тиісті жол картасын дайындап, тез арада бекітуге ұсынуды тапсырды.

– Қала тұрғындары өз ауызбіршілігін көрсетіп, Өскеменнің өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысады деп сенемін, – деді Ермек Көшербаев.

Дерек: Алмат Ақышов - Шығыс Қазақстанның тумасы. Өскеменде өсіп, еңбек жолын да осы қалада бастаған. Әр жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарды. Ұлан ауданы аппаратының басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. Соңғы екі жылда Күршім ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.


Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу