KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Өскемен қаласының жаңа әкімі желтоқсанда тағайындалмақ

9.12.2024, 14:45 46 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде қазіргі уақытта қала әкімі лауазымы бос тұр. Бұл жағдай жергілікті жұрттың назарында екені сөзсіз. Облыс әкімі Ермек Көшербаев брифинг барысында осы мәселе төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.

Аймақ басшысына Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың бірқатар жұмыстарды аяқтамай кеткендігі туралы сұрақ қойылды. Ермек Көшербаев бұл мәселеге байланысты қысқа-нұсқа жауап қатты:

— Бұрынғы әкімнің атқарған жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауап беру - бұрынғы әкімнің еркінде. Қала басқару кезіндегі олқылықтар мен нәтижелер туралы бұрынғы әкімнің өзі айтқаны жөн, - деді ол.

Сонымен қатар, Өскеменге жаңа әкімді тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны да аталып өтті.

— Жуық арада болатын мәслихат сессиясында бірнеше кандидат ұсынылып, қала тізгінін кім қолға алатыны белгілі болады, — деді Ермек Көшербаев.

Еске салсақ, бұрынғы әкім Жақсылық Омар 2018 жылдан бері Өскемен қаласын басқарып, биыл 27 қараша күні жұмыстан өз еркімен кеткен болатын. 

Айта кету керек, келер жылдан бастап Қазақстанда әкімдер тек халықтық сайлау арқылы таңдалынбақ.  Ал Өскемен қаласының жаңа әкімі желтоқсан айының соңына дейін анықталып, тағайындалады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу