Ауаның сапасын бақылау: Қазгидромет ұсынған нұсқаулық
gov.kz
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қазгидромет» еліміздегі қоршаған ортаның жағдайын мұқият бақылап, ауа сапасына зертханалық талдаулар жүргізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Халықты ақпараттандырудың маңызды құралы ретінде ұйымның сайтындағы интерактивті карта қолданылады. Бұл карта атмосфералық ауаның сапасы туралы өзекті және болжамды деректерді көрсетеді. Деректер сенімді құралдар мен әдістерді қолдану арқылы өңделіп, олардың нақтылығы мен шынайылығы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап тұрғындар РМК «Қазгидромет» әзірлеген AirKZ мобильді қосымшасын пайдалана алады. Бұл қосымша тұрғындарға атмосфералық ауаның сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қосымша 45 елді мекен мен 140 экологиялық бақылау бекетін қамтиды, оның ішінде Өскемен қаласы да бар. Ауа сапасы туралы деректер әр сағат сайын жаңартылып отырады, бұл пайдаланушыларға атмосфера жағдайы туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.