Алтай қаласының оқушылары Тәуелсіздік күніне орай челлендж бастады
Бұл іс-шараның басты мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілік негізінде азаматтық патриотизмді тәрбиелеу және халқымыздың тағдырына ортақтасу сезімін нығайту.
– Челлендждің мәні – әлеуметтік желілерде Тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы ойлармен бөлісу. Біздің оқушылар Тәуелсіз Қазақстан – ел бірлігі, тұрақтылығы және елдің гүлденуі үшін атқарылған адал еңбегі арқылы жарқын болашаққа бастайтын жол екенін айтып жатыр, – деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.
№6 мектеп директорының орынбасары Л.В. Ларионова бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.
Біздің еліміз Тәуелсіздікке жету жолында талай қиындықтарды бастан өткерді. 90-жылдардың басында жас мемлекет көптеген сынақтарға тап болды. Бірақ ел оларды еңсеріп, бірте-бірте табысқа жетті. Бүгінгі таңда Қазақстан ең табысты экономикалық мемлекеттердің бірі ретінде танылып отыр, – деді ол.
Алтай ауданы әкімдігі
Оқи отырыңыз