Алтай ауданында еңбек маусымының ашылуы өтті
Фото: Алтай ауданының әкімдігі
9 маусым күні «Жасыл ел» еңбек жасағының ашылу салтанаты өтті.
Бүгінгі таңда «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды жұмысқа орналастырудың бірегей және өзекті мүмкіндігі болып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Жасыл ел» бағдарламасы бірнеше жыл бойы бүкіл елде сәтті жүзеге асырылып, үлкен танымалдылыққа ие болып келеді.
Бағдарламаның негізгі міндеттері жастарды жұмыспен қамту, жасыл аймақтарды құруға қатысу және аумақты абаттандыру болып табылады.
9 маусым күні Алтай ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының салтанатты ашылуы өтті. Еңбек жасағының жауынгерлерін Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова қарсы алып, балаларға зор денсаулық және табысты еңбек тіледі.