KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, З
523.86 544.34 5.11

Өскеменде қала орталығына орнатылған бас шыршаның шамын жағу рәсімі өтті

Кеше, 19:00 122 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі бас алаңда Жаңа жыл мерекесіне арналған дәстүрлі «Шырша жағылу» рәсімі салтанатты түрде өтті.  

Іс-шара ертегі әлемінің кейіпкерлерімен ұйымдастырылған керемет шеруден басталды. Аяз Ата мен Ақшақар бастаған бұл шеруге басқа да ертегілік бейнелер мен өнерпаздар қатысып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қала тұрғындары мен қонақтары ертегі кейіпкерлерімен суретке түсіп, түрлі қойылымдар мен өнерпаздардың өнерін тамашалады.  

Биылғы жылы бас шырша ұлттық нақышта безендіріліп, ерекше сәнге бөленді. Жаңа жарық қондырғылары мен безендіру элементтері шыршаға мерекелік ажар беріп, көрермендерді таңғалдырды. Шыршаның ұлттық нақыштағы дизайны қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды.


Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу