2025 жылы тәртіп бұзған мопедшілер қанша айыппұл төлейді?
Фото: pexels.com
2025 жылдың 4 сәуірінен бастап Қазақстанда «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді. Осыған орай, мопед жүргізушілеріне қатысты жаңа талаптар қолданыла бастайды. 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 6,5 пайызға артып, 3932 теңгені құрайды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.
Куәліксіз жүру – 5 АЕК (19 660 теңге);
Мемлекеттік нөмірі жоқ немесе дұрыс тіркелмеген мопедті басқару – 10 АЕК (39 320 теңге);
Жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір тағу – 15 АЕК (58 980 теңге);
Көлік жүргізу құқығынан айырылған адам мопед басқарса – 50 АЕК (196 600 теңге) немесе 10 тәулікке қамалады;
Мопедті куәлігінен айырылған немесе куәлігі жоқ адамға беру – 50 АЕК (196 600 теңге).
Айта кетейік, 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері 6,5 пайызға артып, 3932 теңгені құрайды, бұл айыппұлдардың да ұлғаюына әсер етеді.