KZ
Өскемен
снег жел 9 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

Жаңа жыл қарсаңында «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының кезекті бөлігі пайдалануға берілді  

Фото: pexels.com

30.12.2024, 16:00 381 Гульжан Мусина

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» жол саласындағы тапсырмаларды орындау аясында Шығыс Қазақстан облысында «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолының 43,2 шақырымдық бөлігін қайта жаңартуды аяқтады. Аталған жол учаскесі екі жолақты, 2-санаттағы тасжол ретінде пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Бұл жол бөлігінде:  
- 330 мың тонна асфальтбетон төселді;  
- 40 су өткізгіш құбыр орнатылды;  
- 39 шақырымдық қоршау жасалды;  
- 6 автобус аялдамасы салынды;  
- бір демалыс алаңы жылы дәретханамен жабдықталып, пайдалануға берілді;  
- 1532 жол белгісі мен сигнал бағаналары орнатылды.  

Жобаның жалпы ұзындығы Шығыс Қазақстан облысында 231 шақырымды құрайды, оның ішінде 211 шақырымында көлік қозғалысы жаңа асфальтбетон жабыны арқылы жүзеге асырылуда.  

Бұл жоба Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан бағытында Қазақстанның жолаушылар мен транзиттік әлеуетін арттырып, көлік қатынасын ыңғайлы әрі заманауи етеді.  

Жобаны Шығыс Қазақстан облысында толықтай аяқтау келер жылға жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу